Головкин Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек «Форум» аренасында өтті. Осылайша GGG 35-ші жеңісіне қарсыласын нокаутқа түсіріп жетті. Геннадий Головкин осылайша WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшыға әйгілі әлем жұлдызы, америкалық актер, режиссер, сценарист Жан-Клод Ван Дамм қолдау білдірген еді. Олардың бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде пайда болды.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғайды. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттелді. Дегенмен Альварес қазақстандық боксшымен аралық салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасатынын айтып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>