Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастауды ұсынды

Блогер әрі журналист Берік Сұлтан әлеуметтік желілерді жауып тастауды ұсынды. Ол Үкімет әлеуметтік желілерді жапса, адамдардың көптеген игіліктерге кенелетінін айтады.

Сурет: psm7.com

Бұл туралы блогер Facebook парақшасында жариялады.

Блогердің ойынша, егер әлеуметтік желі жабылса, мынадай артықшылықтарға жол ашылады:

1. Қазір тек чаттарда ғана жазысып, “көрінбей кеттің ғой” десе, “лайк басып жүрмін ғой” деп жауап беретін заман болып қалды. Әлеуметтік желі жабылса, достармен жиі жүздесіп, шай‬ ішіп тұрамыз. Жойылып бара жатқан қарым-қатынасты өз қалпына келтіреміз;

2. Блогплатформалар дамып, блогерлер‬ блог жүргізе бастайды. Ғacebook‎ желісіне пост‬ жазып, блогермін деп жүргендер өздерінің әлеуметтік желі қолданушы екенін түсінеді. Бұрынғыдай тақырыптық блогтарды дамытамыз. Жақсылардың жақсы жазбаларын іздеп жүріп оқитын боламыз;

3. Шетелден ‎ақша‬ алатын саусағы бар ойы жоқ ермелердің пост жазуы тоқтатылады. Елді бүлікке бастайтын шолақбелсенділердің мағынасыз‬ сөздерін ешкім оқымайтын болады, сол арқылы жастардың ойын таза‬ ұстаймыз;

4. Негатив‬ ақпараттардың таралуы бірден тоқтайды. Сол арқылы халықтың психологиясын сақтап қаламыз;

5. Жұмыс‬ істеуге көп уақыт болады. Қазір көптеген мекеме қызметкерлері көп уақытын әлеуметтік желі парақтауға жұмсайды. Сол арқылы кейде өнімдері сапасыз‬ болып жатады;

6. Ұйықтарда әлеуметтік желі парақшасына қарап емес, әйеліне‬ не баласына қарап ұйықтайтын болады. Сол арқылы отбасылық бірлік нығайып, махаббат‬ артады. Себебі, қазір «сен маған қарағанда соткаңа көп көңіл бөлесің» деген әйелдер пікірі көбейіп кетті;

7. Әлеуметтік желі жұлдызы деген жалған ‎атақ‬ құрып, шын таланттар ғана ел сүйіктісіне айналады. Өнері жоқ, білімі жоқ, арақ ішетіндер жұлдыз болмайды;

8. Газет-журналдарға сұраныс‬ артып, халықтың сапалы‬ дүние оқуына жол ашылады;

9. Шала‬ сауатты шейхтардың негізсіз уағыздары тоқтап, жастар діни сұрақтарын мешіт‬ имамдарынан сұрайтын болады.

“Бұл айтылғандардың барлығы менің жеке пікірім һәм ұстанымым. Ал сіздің пікіріңіз басқа болса, мархабат”, – дейді блогер.

ақпарат көзі: Stan.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>