Головкинге табанында қазақтың туы бар аяқ киім сыйлады

Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушісі орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге табанында қазақтың туы бар аяқ киім сыйлады, — деп хабарлайды Vesti.kzспорт сайты ES News басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қазақстандыққа баскетбол ойынына арналған эксклюзив кроссовка сыйланды.

Осыған дейін Головкиннің Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушілерімен келісімшарт жасасқаны хабарланған болатын. Айта кетейік, Jordan Brand — Nike компаниясының әйгілі баскетболшы Майкл Джорданға арнап жасаған бренді. Ал Головкин келісімшарт жөнінде былай деді: «Jordan Brand-тің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын».

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>