Мырзатай Жолдасбеков «Ақ жолға» арнайы атбасын бұрды

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен-ақ ұлттық идеологияға үлкен үлес қосқан асыл азамат, бүгінде күллі қазақтың бәтуалы ақсақалдарының біріне айналған Мырзатай Жолдасбеков облыстағы жүз жылға жуық тарихы бар киелі қара шаңырақ –  «Ақ жол» газетінің редакциясында болып, ұжым қызметкерлерімен кездесті, қазақтың төл өнері – жыраулық пен жыршылықты сөз етті. Қайраткер өзінің қазақтар туралы, ұлтымыздың құндылықтары туралы алғашқы жазбаларын Кеңестік жүйенің қаһарынан жүрексінбей жариялаған бас басылым — «Ақ жолға» арнайы атбасын бұруды көздегенін айтты. Ал газеттің Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлымен құрған көркем сұхбаты газеттің алдағы сандарында жарық көретін болады. Онда тау тұлғаның тәуелсіздікке қосқан үлесі жайлы тың деректер жарияланбақ.

 

Ақжол ақпарат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>