547 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысына бағытталған брифингте облыс әкімі Кәрім Насбекұлы мәлімдеді.

Жалпы, бүгінгі күні 547 мың га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 538 мың гектары қайта айналымға енгізілді. Инвестициялық жобаларға 55,8 мың гектар жер берілді.

Аймақта мүлікті заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Заңдастыру рәсімдерін оңайлату нәтижесінде облыста мүлікті жария етуге ынта білдіргендер саны артып, субьектілердің орташа айлық саны 221-ге көбейіп отыр.

Бүгінгі күнге мүлікті заңдастыруға жалпы құны 32,1 млрд. теңгені құрайтын 6508 өтініш берілген. Оның ішінде құны 30,0 млрд. теңге болатын 6014 мүлік жария етілді.  Қалғандары комиссиялармен қаралу үстінде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>