Жамбыл облысында 2 мектеп эксперименттік бағдарламамен жұмыс істейді

Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысына бағытталған брифингте облыс әкімі Кәрім Насбекұлы айтты.

Ұлт жоспарының 76, 77, 78, 79 қадамдарында Мемлекет басшысы білім беру жүйесін реформалау бойынша зор міндеттер жүктеді. Облыста 2 мектеп жаңартылған стандарттармен 12 жылдық білім беру эксперименті бағдарламасымен жұмыс істейді.

Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін өткен жылы 3745 мұғалім мен 33 мектеп директоры арнайы курстардан өткен. Жаңа оқу жылынан бастап 1-ші сыныпқа баратын шамамен 26 мың бала жаңа білім беру бағдарламасымен оқитын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>