Жамбыл облысының 59 сот залына аудио-бейнежазба жүйесі орнатылған

Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысына бағытталған брифингте облыс әкімі Кәрім Насбекұлы мәлімдеді.

Азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуді жеңілдету үшін сот жүйесі оңтайландырылды. Бүгінгі күні облыста 63 сот залының 59-на аудио-бейнежазба жүйесі орнатылып, «Сот кабинетімен» жабдықталған.

Үстіміздегі жылы Жамбыл облыстық сотымен Жамбыл облысы бойынша соттармен өзара іс-қимыл Кеңесі бекітілді, оның құрамына отставкаға кеткен судьялар, аймақтық адвокаттық және заңгерлік мекемелердің өкілдері енді.

Аймақ басшысы К.Насбекұлы атап өткендей, облыста 43 жеке сот орындаушы жұмыс істейді (оның ішінде Тараз қаласында 29, аудандарда 14).

Жеке сот орындаушыларға орындау құжаттарын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ, «Жамбыл Жылу» ЖШС, аумақтық «Көлік бақылау инспекциясы» ММ, «АБИ ТВ» ЖШС және Жамбыл облысының ішкі істер департаментімен 3 жақты келісім-шарттарға қол қойылды.

Жамбыл облысының ішкі істер департаментімен жасалған меморандумға сәйкес, жеке сот орындаушыларға 1млрд теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу бойынша 29908 орындаушы құжаттар беріліп, оның жалпы соммасы 80 млн. теңгені құрайтын 14620 құжат орындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>