Павел Воля Астанада Tesla электромобилін сынақтан өткізді (видео)

Танымал ресейлік шоумен Павел Воля Астана қаласында Tesla электромобилін сынақтан өткізіп көрді. Тест-драйвтың бейнежазбасын Санжар Алтаев есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасына жариялаған.

Сурет ҚазАқпарат

“Барлығыңа сәлем! Мен Павел Воля! Тесла сатып алып, Қазақстанда қалдым. Қазақтар ғана Теслаға жақсы қызмет көрсете алады! Тек қазақтар ғана мұны дұрыс айдай алады. Айтпақшы, шын мәнінде осы Тесла Қазақстанда жасалған”, – деп әзілдей пікір білдіріпті Павел.

Еске сала кетсек, әзілкеш Астанада 9 сәуір күні және Алматыда 10 сәуір күндері «Большим «Stand Up» кешіне қатысқан.

Павел Воля «Comedy Club» тележобасына қатысу арқылы үлкен танымалдылыққа қол жеткізе алды.

ақпарат көзі stan.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>