Ұзындығы 1394,042 метрлік ашық хат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

Шаньдун провинциясындағы  (Шығыс Қытай) Цзинань қаласы билігі мен студенттері жасаған алып ашық хат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Ашық хаттың ұзындығы 1394,042 метр, ол  жергілікті мектептер мен жоғары оқу орындарында оқитындар қол қойған Цзинань қаласының көріністері бейнеленген 10 мың бірдей көлемдегі ашық хаттардан құрастырылған.

Алып ашық хат өлшенді және әлем рекордын орнатқандығы туралы сертификатқа лайықты деп табылды.

Бұл шараны Цзинань  қаласының үкіметі мен «Чайна пост»  (Қытай поштасы) корпорациясының Цзинань филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>