Паспорт пен жеке куәлік 2 күнде беріледі — ҚР ІІМ

Қазақстанда 1 сәуірден бастап, паспорт пен жеке куәлік 2-4 күнде берілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Қазақстанда 1 сәуірден бастап, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орталықтары болғандықтан, құжат дайындау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайтын болады. Облыс орталықтарында 4 күн ішінде беріле бастайды», — деп атап өтті Е.Тұрғымбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтарға паспорт пен жеке куәлікті беру уақытын қысқарту мақсатында Ақтөбе және Шымкент қалаларында құжат дайындау орталықтары ашылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>