Салмағы 5,2 келі бойжеткен

Планетадағы ең кішкентай қыз – Джоти Амджи. Ол 1993 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген, актриса. Джоти 18 жасқа толғанда бойы 62,8 см, ал салмағы небәрі 5,2 келі болған. Үндістанның Нагпур қаласында тұратын ол он сегіз жасқа толған күні бойы ең кішкентай әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Оның бойының тым аласалығы ахондроплазиямен түсіндіріледі.
Ал 2012 жылы ол әлемдегі ең кішкентай ер адам – непалдық Чандра Бахадур Дангимен кездеседі. Сол кезде олар Гиннестің 57-ші басылымы үшін суретке түсірілген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>