Каспий теңізінде су перісі бар екен

Әзірбайжандық ғалым Самед Әли Джафаров өзінің балалық шағын Ленкорань қаласындағы Каспий жағалауында өткізген. Ол бірде атасымен бірге түнге қарай балық аулауға шығады. Сол кезде 15 жастағы Самед балықтардың арасында жүзіп жүрген су перісін байқап қалған.
– Самед Джафаров Әзірбайжан мен Иранның біраз ғалымдарының күлкіге қаламыз деп айтпай жүрген құпиясын айтты. Шын мәнінде Иранда Каспий теңізінде су перілерінің өмір сүретініне ешкім де күмәнданбайды. Оны олар рунаншах деп атайды. Бұл тек фольклор элементі ғана емес, бұл – шынайы бақылау мен адамдардың куәгерлігінен туындаған нәрсе. Өйткені, мұсылмандық сенімде өтірік айтуға жол жоқ. Каспий теңізі – негізі миллиард жыл бұрын пайда болған құрлықтардың түйісуінен пайда болған жер бетіндегі ең ежелгі табиғи су көзі. Бұдан бөлек, Каспий – эволюция тұрғысынан да мүлде басқаша жолмен дамитын тұйық экожүйе. Сондықтан мұнда адам-балықтардың өмір сүруі әбден мүмкін, – дейді зерттеуші Әділ Қоразбаев.
Ғалым Самед Джафаров куәгерлердің көргендері және жекелеген бақылаулар дерегіне сүйене отырып, Каспий су перілері туралы толық анықтама берді. Оларда күміс-көкшіл тері және қоңыр, жасыл түсті ұзын шаш. Сосын су перілерінде кәдімгі адамның қолы секілді қол, бірақ төрт саусақты және көздері үлкен. Ал құлақтары жоқ. Ал оларда құйрық бар ма деген сауалға Джафаров жауап бере алмады.
Баку музейлерінің бірінде капитан Гафар Гасанов жасаған су перісінің суреті сақталған. Өз уақытында бұл тарихи оқиға нағыз сенсацияға баланған.
Соңғы кездері барлығы су перісінің пайда болуы азайып кеткенін байқады. Самед Джафаров мұның себебі Каспий теңізіндегі экологиялық жағдайдың төмендеуіне қатысты деп санайды. Әзірбайжан мен Иран жағалауларында жер астындағы қызып тұрған газдардың сыртқа тебуі әсерінен лас вулкандар ояна бастаған.
Каспий су перілері браконьерлерді жек көріп, оларға жиі шабуыл жасайды екен. Сол себепті олар теңізге шығудан да бас тартқан. Тіпті 1998 жылы теңізге шыққан бір балықшыға жұмбақ жануар шабуыл жасап, нәтижесінде дәрігерлер балықшының аяғын кесуге мәжбүр болған.
– Маған Каспий су перісімен қақтығысуға тура келді. Мен ол кезде жұмыссыз болып, браконьерлікпен айналысып жүрдім. Теңізге шыққан кезекті бір күні қайығымның моторы істен шығып, оны қолмен жүргізуге тура келді. Бір сәтте қайықты соққан күшті соққыны естідім. Олардың түсі қап-қара болды. Мен етпеттей құлап, сол сәтте енді ешқашан браконьерлікпен айналыспаймын деп жалбарына бастадым. Мен оған қанша жалынсам да тыңдамай, қайыққа қарай өрмелей бастады. Мен оны бар күшпен ескекпен ұрдым. Ол маған қарай секірген кезде, мен қатты соққыдан есімнен танып қалдым. Жағада жатқан сәтте бір-ақ ояндым, – дейді аты-жөнін атамауын өтінген куәгер.
Ғаламторда мұнай саласында қызмет атқаратын әзірбайжандықтардың әңгімесін оқуға болады. Олар адамның басы сияқты бастары бар теңізде жүретін тіршілік иелері туралы айтады.
– Каспийдегі су перілері туралы ең көп айтып кеткен Жак-Ив кусто. 1998 жылы бұл аңыз зерттеуші «Алсион»кемесінде үш ай бойы Каспийді кезеді. Ол сол су перісін іздеген. Бірақ, экспедиция ресми түрде сәтсіз өтті деп жарияланады. Оның көмекшілерінің бірі Каспийде түсірілген бейнематериалдардың барлығына Кустоның өзі редакторлық жасағанын айтады. Кустоның су перісін бейнекамераға түсіріп алған болуы әбден мүмкін. Бірақ, шу көтеріп жібермес үшін ол бұл мәселеде үнсіз қалуды жөн санаса керек, – дейді Әділ Қоразбаев.

«ZhambulNews» сайтынан алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>