Таразда ел чемпионаты басталды

Тараз төрінде тұңғыш жалауын желбіреткен велоспорттан ересектер арасындағы (ерлер және әйелдер) Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының ашылу салтанаты орталық «Достық» алаңында өтті.
Жарыстың алғашқы күні 20 және 40 шақырым қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Әуелі нәзік жандылар 20 шақырым қашықтық бойынша сынға түсті. Отызға жуық спортшының арасынан петропавлдық Наталья Сайфудинова 21 ұпаймен топ бастады. Оның жерлесі Махаббат Өміржанова жүлделі екінші орыннан көрінді. Астаналық Наталья Сокомнина үздік үштікті түйіндеді. «Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әлі алда біраз кезеңдер бар. Өзімді сол кезеңдерде де жақсы көрсетуге күш саламын», – деді велошабандоз Махаббат Өміржанова.
Ерлер арасындағы 40 шақырымдық дода да тартысты өтті. Бұл кезеңге жамбылдық бірнеше спортшы қатысты. Олардың арасында жастар арасында Азия чемпиондары Нұрболат Күлімбетов пен Дінмұхамед Ұлысбаев та бар. Алайда, жігіттерге бұл кезеңде сәттілік жолдас болмады.
Сонымен, кезең қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Жандос Бижігітов ел чемпионы атанды. Екінші орынды иеленген Олег Земляков та, үшінші жүлдеден көрінген Вадим Галеев те Солтүстік Қазақстан облысынан екен.
Жарыстың келесі кезеңдері Әуежай мен Жамбыл, Жуалы аудан­дарының аумағында 30 наурызға дейін өткізілетін болады.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>