«Нұрбаладағы» Наурыз тойы

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен құрылған «Нұрбала» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетуде бірқатар жетістіктерге жетіп келеді. Мұнда 40 адам әлеуметтік көмек алады. Кіші және ересектер тобы бар. Мектеп жасындағы келушілер үй тапсырмасын осы орталықта орындайды. Массаж, иппотерапия бөлмелері тұрақты жұмыс істейді. Ағылшын тілін үйренуге де мүмкіндік бар.
«Нұрбала» қоғамдық бірлестігі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтті. Бұл шараны сөз сөйлеп ашқан «Мүгедек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Төлегенов Наурыз мерекесінің халықтық сипатына тоқталды. Одан әрі кіші топта тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер өнерін көрсетті. Жасөспірімдер Береке Әлиева, Мадина Қасым, Гүлнара Кенбаева Ұлыс күніне арналған өлеңдерін оқып берді.
– Қызым Динара Амангелді 8 жаста. Осы қоғамдық бірлестікке келеді. Мұнда ағылшын тілін үйретеді. Сабақтарын пысықтайды. Түрлі жаттығулар жасатады. Оның барлығы тегін. Мемлекеттің мұндай қамқорлығына ризамыз. Бүгін Наурыз тойы тойланып, ұлттық мерекеміз ұлықталып жатыр. Оған да қуаныштымыз. Бұл мереке көңілімізден шығып отыр, – дейді Айман Сұлтанқұлова.

«Ақ жол-ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>