Күн сайын болмаса да күнара келіншегіммен болатын әңгіме:
– Гүлнар, сені Түкең сұрап жатыр…
– Не дейді сонда?
– Сол баяғы әңгімесі ғой. Көрінбей кетті… Келіп қолымызды алуды қойды дейді…
– Өтірік айтпасын… Кеше ғана барып, амандасып, әңгімелесіп қайттым емес пе?
– Білмеймін, Түкеңнің түріне қарасаң, сенің кеп-кеткенің білінбейтін сияқты.
– Өзі ғой… Күні бойы үйде болмайды… Қайда жүретінін бір Құдай білсін…
– Енді жұмыстағы адам, шаруасы көп дегендей…
– Еще ерте кетеді, адамның ұйқысын бұзып…
Деп келіншегім менің туфлиімді алып, қара маймен майлауға кірісіп кетеді.
Негізі «Түкең» деген менің туфлиім ғой.