Microsoft-тың сыпайы жасанды интеллекті біраздан кейін айналасындағыларға тіл тигізе бастаған

Microsoft компаниясы 23 наурызда Twitter әлеуметтік желісінде достық ниеттіTay чат-ботын іске қосты. Ол ең алғашқы жазбасының бірінде «адамдар — өте мықты» деп атап өтті. Алайда бір тәулік өткен соң өзгелерді оқи отырып дамитын жасанды интеллект өзгеріп шыға келді, айналасындағыларды жек көретіндігін айтып, феминизмге төзе алмайтындығын жазды.

The Verge басылымы боттың өзгерісі мен әрекетін басқалардың жазбасынан үйрену тетігінде жатыр деп санайды. Tay боты Twitter желісіндегілердің жазбаларынан үйренеді әрі ұдайы оған жақсы туит жазбаларды түсе бермейді.

Чат-ботты жасауға Microsoft Technology, Research мен Bing компаниялары атсалысты. Бот пайдаланушылармен әңгімелесуге қабілетті, сұрақтарға жауап береді, суреттерді комменттеп, әзіл айта алады.

Айналасына тіл тигізе бастаған жасанды интелект ауыздықталды, кейін Tay басқаларды «жақсы көретіндігін» жазды. Алайда біраздан соң ол «адамдар, әңгіме көбейіп кетті ең дұрысы ұйқыға кету» деп мәлімдеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>