Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Нұр Отан» партиясы жақтастарының форумы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс.
«Кеше біз жеңіске жеттік. Қазақстандық бүкіл көпұлтты халық жеңіске жетті. Қазір ғана ҚХА сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 77 пайызы қатысты — бұл рекорд. Нұр Отан сайлаушылар дауысының 82 пайызына ие болды бұл рекорд», — деді Назарбаев.
Ол қазақстандықтарға олардың қолдауы мен бірлігі үшін алғыс айтты.
«Біз біртұтас екенімізді, кез келген қиындықты жеңе алатынымызды көрсеттік. (…) Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы демократиямыздың ұлы жетістігі», — деді Мемлекет басшысы форумда.
Еске сала кетейік, сайлау 20 наурызда 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.а
ҚР ОСК мәліметінше, үш саяси партия: «Нұр Отан», ҚКХП және «Ақ жол» 7 пайыздан жоғары дауыс жинады.