Іздейтінім – жақсылық

Сөзін жазған: Қайырбек Асанов.
Әнін жазған: Жанар Сәтімбай.

 

Жаным менің толған мұң,
Қорғасындай көңілде.
Қанша мықты болғанмен,
Адам пенде өмірде.

Өмірімнің әні бар,
Өтейтіндей борышын.
Балам, жарым, бәрі бар
Бақыттымын сол үшін.
От жанарым тасты үгіп,
Қайсарлығым көрінген.
Іздейтінім – жақсылық
Сый күтемін көбіңнен.

Барлық істе жеңісім,
Ағытады жыр-әнім.
Қандай бақыт мен үшін,
Байтақ далам, ұраным!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>