Сайлауда дауыс бергендердің саны жағынан қай өңірдің көш басында екені анықталды

Орталық сайлау комиссиясындағылар Астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушыларға қатысты мәліметтерді жариялады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов брифинг барысында мынаны мәлімдеді: сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылар тізіміне іліккен сайлаушылардың жалпы санының 60,22 пайызы бюллетень алды.

Астанада сайлаушылардың — 54,71 пайызы, Алматыда 21,45 пайызы дауыс берді. Ақмола облысында - 69,97, Ақтөбе облысында — 57,1, Алматы облысында — 77,16, Атырау өңірінде — 65,87, ШҚО — 66,7, Жамбыл облысында — 63,6, БҚО — 56,37, Қарағанды облысы — 59,2, Қостанай облысы — 68,17 және Қызылорда облысы — 65,69, Маңғыстау облысы — 51,76, Павлодар облысы — 61,77, СҚО — 61,2 және ОҚО-да 68,86 пайыз сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Бүгін сайлау 9 840 учаскеде өтіп жатыр. Айта кетейік, сайлау кезінде 20 мың полицей құқық қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: «Нұр Отан», «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Бірлік» партиясы.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>