ГОЛОВКИН РИО ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСПАЙДЫ

ГОЛОВКИН РИО ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСПАЙДЫ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның чемпиондарына Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға тыйым салды, — деп хабарлайды vRINGe.com сайтына сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі.

«WBC жоғары дәрежедегі кәсіби боксшылардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатыспайды деп үміттенеді. Себебі бұл өте қауіпті. Осы мәселе түбегейлі шешілмейінше, шараның форматы толықтай нықталмайынша, WBC рейтингтегі үздік 15 боксшыға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салады» делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген болатын.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулына Сауль «Канело» Альварес ие. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болса WBC (Interim) тұжырымының чемпионы.

alaman.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>