Бразилиядағы тәсіл

біздің мектептер мен оқу орындарына да керек сияқты

Мектеп. Сынып. Мұғалім сабақ өтіп жатыр. Соңғы партадағы оқушылардың көзі мен құлағы ұстаздарында емес, ұялы телефондарында. Сабаққа көңіл бөлер емес… 

Мектеп басшыларының оқушыларға білім ордасына ұялы телефон алып келуіне тыйым салуына бола ма? Бәлкім, тыйымнан өзге де тәсіл бар шығар.
Жуырда ғаламтордан Бразилияда осы мәселеге қатысты тиімді әдіс ойлап табылғанынан хабардар болдық. Яғни, сол елдегі оқушылар ұялы телефондарын оқу орындарына апарғанымен, сабақ үстінде сөндіріп, арнайы бөліктерге бөлінген қорапшаға салып қояды екен. Барлық білім алушылардың байланыс құралдары сабақ біткенше сонда тұрады. Өте ұтымды тәсіл.
Осыны біздің елде, өңірде де жүзеге асырып көрсек қайтер еді? Мектепте, жоғары оқу орындарында әр кабинет пен аудиторияға осындай қорап қойылып, білім алушылар үзіліске дейін қалта телефондарын сонда қалдырса, олардың сабақ үстінде телефондағы ойындар мен әуендерге ойы бөлінбей, ұстазға ғана ұйып отырар еді. Жүріп жатқан сабаққа алаңсыз көңіл бөлер еді.
Ойласайық, ойға қонса қолға алайық, ағайын!

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>