Қызғанамын

Салтыменен сыпайы қыз баланың,
Қарамаймын десем де жүз қарадым.
Басқа жанмен көргенде мен өзіңді,
Жүрек сыздап қайғыдан мұз боламын.
Мен де сені еріксіз қызғанамын…

Қызғаныштан қанымда қызған ағын,
Қызуындай шөлейтті тұз даланың.
Қыр гүліндей қызығып өтем саған,
Құзар шыңдай мызғымас мұзбалағым,
Мен де сені еріксіз қызғанамын…

Көңілімді әйгілеп көз жанарым,
Көлгірсуден жоқ, сірә,өзге амалым.
Кездескенде шарасыз күйге түскен,
Жан дүниемнің толқынын сез қарағым!
Мен де сені еріксіз қызғанамын…

Жыр параққа сыр айтып мұң шағамын,
Жаныма егіз өзің боп ізгі адамым.
Жалқы сырым өзіңді қызғанамын,
Өзге сырым айтпай ақ сізге мәлім…

Айман Найзабаева,
ТИГУ-дің
магистранты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>