Алматыда өнер мұражайына ұлттық киім киіп келген адам ондағы шараларға тегін кіреді

Алматыда өнер мұражайына ұлттық киім киіп келген адам ондағы шараларға тегін кіреді

Алматыда 22-27 наурыз аралығында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында бір апта бойы «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі.

Мерекелік аптаның әрбір күні келушілер үшін интерактивтік, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.

Өнер мұражайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн сайын ұлттық киім киіп келген адам мұражайға тегін кіреді.

Ал мұражайда әр күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін «Шай әлемі» шарасы өткізіледі. Келушілер қыш шәйнектерге өрнек салудан өткізілетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата алады.

Сондай-ақ, күн сайын мұражайдың мәжіліс залында халықтық-қолданбалы өнер мен киім тарихы жөнінде дәріс оқылады, ал залдарда бірқатар тақырыптық және интерактивтік көрмелер ашылады.

«Бұлардан басқа, аптаның әрбір күні арнайы бағдарлама жүзеге асырылады:

22 наурыз — «Көктемгі күн мен түннің теңелген күні». Сағат 16.00-де

Дизайнер Хафиз Ханның «Әйел көйлегі. Азияның 12 тарихы» атты

моңғол дәуіріне дейінгі көйлектер көрмесі ашылады.

23 наурыз — «Киіз басу күні». Түстен кейін мұражайға келгендер киіз басуға атсалысады. Халық шеберлері текемет басады.

24 наурыз — «Дала саздары күні». Сағат 16.00-де — Раушан Базарғалиеваның жеке көрмесі ашылады. Көрмеде түрлі сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындалған авторлық туындылары — гобелен, киіз панно, батик, ши көрсетіледі.

25 наурыз — «Кинематография күні». Сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін — мұражайдың мәжіліс залында кинематография жауһарлары — авторлық видео-арт, өнер жайлы қысқаметражды фильмдер, тіпті арт-хаус стиліндегі кинолар көрсетіледі.

26 наурыз «Квест күні» (компьютерлік ойын түрі). Сағат 17.00 — естен кетпес квест болады. Оның әрбір қатысушына тосынсыйлар беріледі. Ойынға қатысу үшін міндетті түрде  алдын-ала тіркелу қажет. Қатысу ақылы.

Ал сол күні кешке мұражайға келушілер үшін түрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мен «Аққу» by Lumiere» бірегей сәулелі сауық-думанының премьерасы болады», — делінген хабарламада.

Айта кетелік, фестивальдің серіктестері: Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы волонтерлар қауымдастығы, «Kazakhstan Fashion Week», «Чайкофский» ЖШС, «Lumiere», «Fokus» шығармашылық ұжымы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>