Көп бабалы аналарға «Тұлпар-Тальго» пойызының билеті арзандатылады

Көп бабалы аналарға «Тұлпар-Тальго» пойызының билеті арзандатылады

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы көп балалы аналар үшін «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер енгізеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Алты және одан да көп бала тапқан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған  аналарға арнап «Ардақты ана» дисконтты картасы шығарылды», делінген хабарламада.

Егер «Тұлпар-Тальго» пойызымен жол жүретін болса «Ардақты ана» дисконтты картасы бар жолаушы 30 пайыздық жеңілдікке ие болады.

Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты  қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер жарияланған. Ендеше «Ардақты ана» дисконтты картасы бар жолаушы ала қам жасап, күні бұрын билет алса 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.

Жеңілдіктер жүйесі «Тұлпар-Тальго» пойыздарының төмендегі бағыттарында қарастырылған:  №1/2 «Алматы-Астана», №19/20 «Астана-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №67/68 «Астана-Защита», №69/70 «Алматы-Защита», №79/80 «Астана-Шымкент», №87/88 «Астана-Ақтөбе», №89/90 «Астана-Қызылорда», №701/702 «Алматы-Петропавловск».

Еске сала кетсек, елімізде 242 мыңнан астам «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған көп балалы аналар бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>