ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫМЫЗ ФРАНЦУЗДАРДЫ ТАМСАНДЫРУДА

Гаухар мен Лоран – қазақтың атын француздарға ұлттық тағам­дарымыз арқылы танытып жүрген жандар. Олар Парижде орналасқан қазақ ұлттық тағамдарын дайын­дайтын «Chez Mademoisselle» мейрамханасының иелері. 

Жалпы, Франция – ежелден мейрамхана ісімен танылған ел. Статистика бойынша онда ресми түрде тіркелген 77856 мейрамхана бар. Оның 15 мыңға жуығы бір ғана Париж қаласында орналасқан. Осыншама мейрамхананың ішінен ең таңдаулы деген мыңнан астамы ғана «Мишлен» деп аталатын париждік мейрамханалар анықтамалығына енеді. Осыдан-ақ бұл саладағы бәсекелестікті бағамдауға болады. Ал қазақтың жал-жаясы мен қуырдағы, ыстық бауырсағы арқылы танылған «Chez Mademoisselle» мейрамханасы – осы анықтамалыққа енген бірегей мейрамхана.
Бұл анықтамалық тізімінен көріну үшін іріктеу жасырын сарапшылар арқылы жасалады. Олар кез-келген күні дәмханаға барып, ол жақтың тағамдарына ғана емес, ыдыс-аяғының қойылғанынан бастап, әжетхана тазалығына дейін баға береді. Тағамымен тіл үйіріп қана қоймай, сан түрлі талаптардан сүрінбей өткен «Chez Mademoisselle» мейрамханасында қазақ тағамдарымен қатар, Орталық Азия халықтарының ұлттық тағамдары дайындалады.
Ендеше, шетелде ұлтымыздың ұлттық тағамын ұлықтап, париждіктерді тамсандырып жүрген қазақ қызы Гаухар мен Лоранға біздің ағайындар да, француздар да разы.



 

One comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>