NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайды

NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайды

Американың аэроғарыш агенттігі дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ нұсқасын әзірлеуге 20 млн доллар қаржы бөлді. Оған дыбыс кедергісінен өтер шақта қатты тарсыл шықпауы керек деген талап қойылды. ұшақтың жаңа нұсқасын Lockheed Martin компаниясы әзірлейді, жоба 17 айда дайын болады деп күтілуде.

Жоба бойынша жасалатын ұшақ дыбыс кедергісінен өткенде қатты тарсыл шықпауы тиіс. NASA осы дыбыс эффектісінің жолаушыларға қатты естілмеуіне мән беруде. Егер жоба сәтті іске асырылса әуе жолаушы тасымалының жаңа дәуірі басталмақ.

Америка ғарыш агенттігінің бағдарламасы бойынша осындай жылдам әрі дыбыссыз ұшақ 2020 жылы дайын болады, деп жазады popsci.com сайты.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта жолаушы ұшақтарының дыбыстан жылдам ұшуына бірқатар елдің әуе кеңістігінде тыйым салынған, оның ішінде АҚШ-та бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>