Әнге ұқсамаса ән бола ма?

1950 жылдың орта тұсында Қазақ радиосында көркемдік кеңестің мәжілісі өтіп, репертуарға ұсынылған шығармалар талқыланып жатты.

Бақытжан Байқадамовтың бір әні талқыға түсті.
Қазақ радиосының музыка хабарларының редакторы Өмірбек Бәйділдаев жаңағы әнді тыңдап болып:
– Бақа, мынау әніңіз бір әнге ұқсайды екен, – дейді.
Сонда Байқадамов жұлып алғандай:
– Қызық екенсің өзің, әнге ұқсамаса ән бола ма? – депті. Өмірбек не дерін білмей, кеңестің мүшелері ду күліпті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>