Бүлдіргі

Бәрін құртар бүлдіргі,
Орындықты сындырды.
Саяжайды талқандап,
Сонда нені тындырды?

Кезі болмас опынған,
Жұрдай ғой ол ақылдан.
Орындықты қиратса,
Өзі талай отырған.

Жаз жайнаса әлі де,
Үлкен-кіші, кәрі де,
Тынығатын жер еді,
Зиян етті бәріне.

Сая болар саябақ,
Күтейікші аялап.
…Сыйлай алмас өз-өзін
Өзге кімді аямақ?!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>