Биыл наурызда Apple компаниясы соңғы әзірлемесін таныстырады. iPhone 5s смартфонының арзан (бюджеттік) үлгісіне iPhone 5se атауы берілді. Смартфон сәуірден бастап сатылымға түседі.
Жаңа гаджеттің сыртқы бейнесі iPhone 5s-ке ұқсас. Ал техникалық сипаттамасы бойынша iPhone 6-ға ұқсайды. Жаңартылған iPhone 5sе үлгісі сатып алушыларға классикалық қара, күміс, алтын, қызғылт түстес түрлерде ұсынылады. Смартфонның сыртқы келбеті iPhone 5s-тен аса айырмашылығы жоқ. Тек экраны төрт дюймды. Жаңа гаджет 8 мегапиксельді негізгі, 1,2 мегапиксельді фронтальды камерамен жарақталған.
iPhone 5se смартфонының құны әзірге айтылмады.