Бір байқаудан екі жүлде

Таяуда Алматы қаласындағы спорт және туризм академия­сының мәжіліс залында «Нұрлы жастар – болашаққа бастар» атты жасөспірімдердің республикалық байқауы ұйымдастырылды. Өнер аламанына №9 орта мектептің жетінші сынып оқушысы Мұхаммед Пернебек «Эстрадалық вокал», «Болашағым өзіңмен, туған ел!» аталымдары бойынша қатысты.

Байқаудың алғашқы шарты бойынша өзінің талантын таныта біл­ген Мұхаммед жүлделі үшінші орынды иеленсе, екінші бөлімде тақырыпқа орай шығарма жазған бүлдіршін тағы да үздік үштіктен көрінді.
Жасөспірімнің ару қала – Алматыда өткен өнер сайысына қатысуына өзі білім нәрімен сусындап жүрген мектептің директоры Салтанат Жанұзақова демеушілік жасапты. Осылайша мектеп басшысы «болам деген баланың бетін қақпай, белін буған». Жас өнерпазды өнер додасына баулыған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнагүл Шайхиева: «Мұхаммед бұл байқауға ерекше дайындалғанын ешбір қобалжымастан көрсете білді. Өнер майталмандары шәкірті­міздің өнеріне риза болып, баталарын беріп жатты. Сенім үдесінен шыға білген мектеп мақтанышы Мұхаммедтің алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағын­дыра­тынына біз шүбә келтір­мейміз. Өнерлі өреннің жолы ашық болғанын қалаймыз», – дейді.
Біз де жасындай жарқырай білген бүлдіршіннің биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, 
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>