Қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілсін

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады.
Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыз­дылығына тоқталып өтті.
Елбасы шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды.
Д.Ақышев экономиканың нақты секторын қаржы­ландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>