Жүз миллион доллар

шәкіртақыны жеңіп алған жүздің бірі Әлібек Әкім Таразиды оқып жүр

Стивен Шварцманның білімді жастарды әлемнің озық оқу орындарында оқыту үшін бөлген жүз миллион доллар шәкіртақысын жеңіп алған жүздің бірі қазақ баласы алматылық Әлібек Нұркеш екен. Болашақ экономист Астанадағы Назарбаев Университетінің 4-курсында оқып жүр. Биыл жазда америкалық миллиардер бөлген шәкіртақымен Қытайдың Бейжің қаласындағы Цин-хуа университетінде магистратурада оқуын жалғастырмақшы.
Бұл оқу гранты америкалық филантроп (қайырымдылық жасаушы) Стивен Шварцман мәлімдеген 2013 жылы «Schwarzman Scholars» жоба аясында бөлініп отыр. Атақты қаржыгер өз қаражатынан бөлген 100 миллион доллар көлеміндегі шәкіртақыны иелену үшін дүниежүзінде 3 мыңнан аса талапкер конкурсқа қатысқан екен. Солардың ішінде тек 110 жас грант иегері атанған.
Талапкерлерге қойылған талаптың бірі, әрине, ағылшын тілін еркін меңгеру болғаны анық. Бір қызығы – түрлі салада білім алып жүрген студенттерге алғашқы айналымда төрт эссе жазу, екінші кезеңінде Лондонда дүниежүзіне беделді кəсіпкерлер мен саясаткерлер алдында сынақ тапсыру міндеттеліпті. Әлібектің айтуынша, олар Лондонға шақырылған 300 үміткердің әрқайсысынан 40 минуттық сұхбат алыпты. Сұхбат алушылар қатарында Исландия президенті Оуловюр Рагнар Гримссон, Британияның Морган Стэнли (Morgan Stanley) жəне Барклиз (Barclays) банктерінің төрағасы болған Дэвид Уолкер, Катар университетінің басшылары жəне Стивен Шварцманның өзі болған.
– Мен ауыл мектебінде оқыдым. Мектеп кезінде қосымша ешқандай тіл үйрену курстарына барған емеспін. Өз бетімше оқып, дайындалдым. Анам – ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Содан кейін де болар, кішкентайымнан осы тілді оқуға ерекше қызықтым. Маған жасыл энергия, жаңартылатын энергия туралы оқыған ұнайды. Болашақта өзімді сол саладан көргім келеді. Меніңше, келешектің ең үлкен проблемасының бірі – энергия тапшылығы. Осы мəселенің шешімін табудың басы-қасында жүрсем деген ойым бар, – дейді Әлібек.
Болашақ экономист бос уақытында көркем әдебиетті оқығанды ұнататынын айтады. Қазір ол Əкім Таразидың «Көк аспанда қырағы көз бар» деген кітабын оқып жатыр екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>