Кәсіпкерлік нысандарға қырағылық қажет

Kаңкестікке қарсы қорғаныс – уақыт талабы

Қазақстанның әлемдегі дамыған елдердің қатарына ілігуіне мүмкіндік беретін инвестициялық тартымдылықты жоғарылату мақсатында, жеке бизнес пен кәсіпкерлік нысандарын лаңкестікке қарсы қорғауды қамтамасыз ету уақыт талабы екенін білген жөн.
Кәсіпкерлік нысандарының жеке категорияларына жататын (сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру нысандары, спорттық және көңіл көтеру ғимараттары, туристердің орналасу және тұру мекен-жайлары) террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі – ТТО) нысандарды лаңкестікке қарсы қорғау жүйесінің талаптары ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №1291 Қаулысымен бекітілген.
Осыған байланысты, жеке бизнес пен кәсіпкерліктің басшыларына мемлекет тарапынан қолданылатын лаңкестікке қарсы шараларды дұрыс түсінулерін және оның бизнесті жүргізудің тиімділігіне ешқандай әсер етпейтіндігін жеткізгіміз келеді.
Жекелеп айтқанда:
Мемлекет ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, шағын және орта бизнестің шығындарын азайту үшін барлық шараларды қолдануда. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 «ТТО нысандарды лаңкестікке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысында техникамен жабдықтаудың аз мөлшердегі талаптары қарастырылған және соның салдарынан оны қаржыландыру қажеттілігі айтарлықтай төмендеген (адамдардың жаппай жиналу нысандары міндетті түрде телевизиялық видеобақылау жүйесімен, күзет дабылы жүйесімен және құралдарымен, бақылау әрі басқару жүйесімен, хабарлау жүйесімен және құрылғыларымен жабдықталады).
Ұйымдардың нысандарында физикалық күзетті, өз аумағында кіргізіп-өткізу режімін, эвакуация жолдарын қамтамасыз ету талаптары қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бейнебақылау орнату, ішке кіргізуді бақылау, хабарлау жүйесі және басқа да техникалық құрылғылардың түрлері лаңкестікке қарсы әрекет етуге ғана емес, сонымен қатар, нысанның қауіпсіздігіне қауіп тудыратын қылмыстың басқа түрлерінің алдын алуға, мүліктерді, келушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, кәсіпкерлердің тиісті шараларды қолдануын және өз кәсіпорнын тиісті қауіпсіздік жүйесі мен техникалық күшейтуді қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауды сұраймыз.

Науатбек Қалымбетов,
облыстық ІІД-нің басқарма басшысы, полиция полковнигі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>