RSS

Үлкен қоғамдастыққа кішкентай қадамдармен Еуразиялық экономикалық одақ идеясы жүзеге асқанға дейін 20 жыл өтті

  • Written by:
  • 1 Reply

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың алдағы 15-20 жылдағы басымдықтарын айрықша атап көрсетті. Олардың арасындағы басымдықтардың бірі – ұлттық экономиканы жеделдетіп дамытудағы инновациялық технология үшін базалық жағдай жасақтау және 2025 жылға дейін Еуразиялық-инновациялық технологиялық өзара іс-қимыл әрекетінің бағдарламасын қабылдап, талдап Еуразиялық интеграция кеңістігіне тарату болып табылады. Бұған қоса, Назарбаевтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақ аумағы Еуразия көлеміндегі жалпы континенталдық инфрақұрылымның алдыңғы буыны болуы тиіс. Бұл үшін бірқатар жобаларды: бірыңғай Еуразиялық телекоммуникация жүйесін құру, «Минск-Мәскеу-Астана-Алматы» бағыты бойынша жылдамдықты теміржол магистралін салу, теміржол және автомобиль жолдары жаңғырту, әсіресе, батыс пен Еуропаға, шығыс-қытай көлік жүйесіне енетін, сондай-ақ, «Еуразия»: «Каспий-Қара теңіз» каналы жобасын жүзеге асыру керек.

  Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Ресей, Қазақстан және Белорусия Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартқа қол қояды. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде: «Еуразиялық одақ идеясынан – Еуразиялық интеграцияның кемелденген көкжиегіне» деген лекциясында жаңа одақтың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық одақ құру идеясы туралы тұңғыш рет мәлімдеді. Содан бері жиырма жыл уақыт өтті. Уақыт осындай одақ құру қажеттігін алға тартты.

   Бірқатар саясаткерлер 1994 жылдың көктемінде ТМД-ның өмір сүруге қабілетсіз екенін көрсетті. Назарбаевтың айтуына қарағанда Еуразиялық экономикалық одақ бұрынғы Кеңес Одағының бағытын қайталамайды. Жаңа құрылымды Еуропалық одақпен салыстыруға болады. «Еуропаға Кедендік одақты құруға – он бір жыл, жалпы нарықты қалыптастыруға – 34, экономикалық және валюталық одақты құру үшін 40 жыл қажет болды», – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Назарбаевтың айтуына қарағанда ХХІ ғасырда адамзат алдынан жаһандану мәселесі шықты. Еуразиялық интеграцияның көптеген мәселелерін барынша шектелген мерзімде шешуге тура келеді. Бұл бағытта жаһандық экономикалық жағдайға қарай әрекет етуге тура келеді. Мұның өзі жеке-дара қиындық емес, «Біздің идеямызды қостамайтындар да бар, сондықтан да Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шартқа қол қойған кезде осы мәселені барынша ескеру керек», – деді Назарбаев.

  Қазақстан басшысы ТМД-ның бірқатар интеграциялық бірлесуінде «шұғыл шешімдер» қабылданғанын да жоққа шығармайды. «Келісім-шарттарда жалпы валюталық, кедендік және экономикалық кеңістік құру туралы келісім-шарттарға қол қойылғанын да еске алады. Қазір олар қайда, олар кімнің есінде?» Енді қол қойылатын өмірлік маңызы бар құжатта ұсақ-түйек қателіктерге жол беруге болмайды. Мұның өзі интеграциялық үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл бағытта Қазақстанның ұстанымы айқын Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың басты міндеті екі мәселеге тірелетінін ерекше атап өтті: ол – географиялық және биосаяси жағдайды пайдаланып, әлемнің басты экономикалық макроаймақтарына айналу және дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуді қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық одақ халық және барлық ұлттық экономиканың игілігіне қызмет етуі тиіс. Ал, жалпы Еуразиялық экономиканың негізін шағын және орта бизнес құрауы керектігін Қазақстан басшысы айрықша қадап айтты.

                                                                                         Дмитрий Журавлев,

Аймақтық проблемлар институтының директоры.       

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

1 comment

  1. Рустем Reply

    Меніңше біз елімізге көшем деген шетелдегі қазақ қандастарымызға көмектесуіміз керек, жеңілдіктер жасап. Өйткені Ата қонысқа оралған қандастарымыз еліміздің өсіп-өркендеуіне,мәдениетіміз бен ана тіліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосатын болады және еліміздің демографиялық жағдайын жақсартады. Ал әзірше елімізе көшпеген шетелдегі қандастарымызбен біз жемісті туысқандық ынтымақтастық орнатуымыз керек деп білемін және олармен байланысты нығайту үшін әр түрлі шаралар өткізуіміз керек, мәселен жалпықазақтық спорттық ойындар, құрылтайлар, нәтижесінде біз шетелдегі қазақ қандастарымызбен потенциалдарымызды біріктіріп елімізді гүлдендіруіміз керек деп есептеймін.
    Құрметті отандастар!
    Біздің халқымыз үшін шетелдегі қандастарымызбен байланысты нығайту басты міндеттердің бірі. Жыл сайын елімізде қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы өткізіліп жатыр. Балалар, өмірдегі көрген қиыншылық жағдайларға қарамастан әрқашанда ата-анасының үйіне қайтып келеді. Сондықтан жыл сайын елімізде өтіп жатқан қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы бұл біздің отбасылық қауышу іс-шарасы. Осы құрылтайларда біз жалпықазақтық сипатқа ие бағдарламаларды талқылауымыз керек деп ойлаймын, Қазақстан-қазақ Диаспораның өзара әрекеттесу басымдылықтарын әзірлеуіміз керек деп білемін, түбінде осы бағдарламалар мен басымдылықтар шетелдегі қандастарымыздың белсенді қатысуымен жүзеге асуға тиісті.
    Жалпықазақтық мәселелерді шешуге бағытталған шетелдегі қандастарымыздың ірі көлемді жұмыстары мен әрекеттері, пайдалы идеялар мен парасатты ойлары біздің назарымыздан тыс қалмай, мемлекеттік құрылымдардың мамандары арқылы егжей – тегжей зерттелуі тиіс деп білемін.
    Ардақты ағайын!
    Қазақстан шетелдегі қандастарымызбен баланысты күшейту мәселесінде дәйекті және ынталы. Бүгінгі таңда Қазақ халқы әлемге өзінің тәуелсіз ұлттық мемлекетімен және ұйымшыл қазақ Диаспорасымен танымал болды. Заманауи әлемде қазақ халқы үшін ең үлкен емтихан бұл қазақ мемлекеттілігінің күнделікті өмірін ұйымдастыру, Отанымызды жаңа жетістіктерге жеткізу. Біз Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдардағы қиыншылықтарды жеңіп шықтық, сондықтан кәзіргі қиыншылықтардың алдында біз артқа шегінбеуге тиіспіз. Қазақ халқының күш-қуаты, дамуы, жарқын болашағы, перспективасы Қазақстанда қалыптасып жатыр, өйткені заманауи әлемде әрбір халықтың мәңгілік өмірдің мықты әрі жалғыз кепілдігі бұл ұлттық мемлекет.
    Бүгінгі таңда Отанды шетелдегі қазақ қандастарымен ажырататын өткен дәуірдің кедергілері жоқ, бұның өзі халқымыздың бірлігін нығайтатын жағдай. Бірақ бірлік біз үшін аясы тар мақсат болмау керек, бірлік біз үшін еліміздің көсегесін көгерту және өзіміздің кемшіліктерімізді түзету үшін керек.
    Меніңше, Отан ешқашанда қазақ үшін түрме болмау керек, бірақ сонымен қатар қонақ үйде болмау керек, өйткені Қонақ үй ол қонақ үшін, ал Қазақстанда әрбір қазақ өз үйінің иесі болып, қожалық сезіміне бөлінуге тиіс. Отанымызда әрбір қазақта баспанасы болу керек деп есептеймін. Міне бұл жерде мен қазақ Диаспорасының потенциалын пайдалану бағытын көріп жатырмын бұл Отанымызды сәулеттендіру және күшейту. Біздің алдымызда әлемдік заманауи шақырулар тұрған жағдайда біз Отандағы қазақтар шетелдегі қандастарымызбен потенциалдарымызды, мүмкіндіктерімізді, білімдерімізді, кәсіби дағдыларымызды біріктіруге, жастардың бойларына отаншылдық сезімді сіңіруге тиіспіз деп ойлаймын. Қазақ диаспораның парасатты ойлары мен адал ниеттері қауіпсіз, мықты, берекелі Қазақстанды құру үшін, мемлекеттілігімізді дамыту үшін аса қажет деп білемін.
    Қадірлі отандастар!
    Біз өз өзімізден сұрап көрейікші шетелдегі қандастарымызбен байланысты нығайту үшін біз бүкіл мүмкіндіктерді пайдаланып көрдік па, мейлі ол саяси мүмкіндіктер болсын, қаржы мүмкіндіктер болсын. Өкінішке орай, жоқ өйткені біз Қазақстанымызды күшейтуді өзімізге басты міндет қылып қойған жоқпыз, Отанымызды күшейту бұл бүкіл қазақ құрылымдардың, абыройлы азаматтардың, мемлекеттік органдардың, бүкіл халықтың басты міндеті болу керек деп есептеймін.
    Отан мен қазақ диаспораның әрекеттесу векторын Қазақстанның экономикалық дамуына бағыттау керек деп ойлаймын. Өкінішке орай, бүкіл қазақ ұлтының мүмкіндіктерін біз әлі Отанның абаттандыруына, еліміздің гүлденуіне пайдаланған жоқпыз. Әрбір шетелдегі қандасымыз өз өзіне сұрақ қою керек, басқа мемлекеттердің экономикаларын дамытып олардың игілігі үшін жұмыс істегеннен басқа мен өз Отаным Қазақстаным үшін не істедім, Қазақстанның мәселелерін шешу үшін мен қандай үлес қостым. Осы қазақ құрылымдар, шетелдегі қандастармен жұмыс істейтін ұйымдар Қазақстан үшін, оның дамуы үшін не істеді. Міні мәселенің қайда.
    Сондықтан шетелдегі қандастарымыздың, қазақ Диаспораның елімізде жасалуға бағытталған әрбір игі бастамаларын біз қолдауымыз керек деп ойлаймын. Мемлекет шетелдегі қазақ қандастарымызға елімізге инвестицияларды салуға мүмкіндік бері керек деп есептеймін. Бұның мақсаты шетелдегі қазақ қандастарымызбен байланысты нығайту.
    Қазақстанымыз тәуелсіз мемлекет болды, сондықтан мен барша отандастарды жалпықазақтық мәселелерді шешуге және қазақтың жарқын болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл біздің міндетіміз.
    Тек береке — бірлік арқылы біз қазақтар үлкен жетістіктер мен жеңістерге жететін боламыз, ауызбірлік арқылы біз қазақтың ұлттық мақсаттарын жүзеге асыратын боламыз, ал қазақ әлемге ұжымдық жігердің үлгісі ретінде танымал болады.
    Құрметті достар!
    Ана тілімізді жаңғырту оны болашақ ұрпаққа үйрету біздің ұлтымыздың алдында тұрған үлкен міндет. Сондықтан біз барлық әдістемелерді, механизмдерді, тәсілдерді пайдаланып қазақ жастарды Отанды шексіз сүйетін қазақтілді азаматтар ретінде тәрбиелеуіміз керек деп білемін. Қазақылықты сақтайтын ең негізгі аргументтер ол ана тілі, қазақ отбасы және Отанды тану.
    Қазақстан мен қазақ диаспорасының әрекетесуінің негізінде осы басымдылықтар жату керек деп білемін. Бұрын мен осындай формуланы ұсынған болғанмын ол Отанның бүкіл мүмкіндіктері шетелдегі қазақ қандастарымыз үшін, шетелдегі қазақ қандастарымыздың бүкіл мүмкіндіктері Отан үшін. Біздің ортақ мақсатымыз болашақ ұрпаққа қауіпсіз, бейбіт, дамыған, мықты, қуатты Қазақстанды аманат ету.
    Сөзімнің соңында мен бүкіл барша отандастарды құрбан айт мерекесімен және келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Өз атымнан барша қазақтарды Отанмен байланысты нығайтуға шақырамын. Біз қазақтар бірлікпен күштіміз, ал күш бұл жеңіс.
    Рахмет.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

WordPress 4 шаблоны