ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Казақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтер бекітуге арналған өтінімін қарады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өтінімді қарау нәтижелері бойынша осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері келесі жылға мәлімделген   22,8 % және 2017-2020 жылдарға 7 % орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап және жыл сайын (2020 жылға дейін) орташа  есеппен  4 пайызға ұлғаяды.

ҚТЖ мәлімдеген тариф жария тыңдауларда талқыланды. Сондай-ақ бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқылау өткізілді. Нәтижесінде  4 пайыздық деңгейінде (орташа есеппен) бекітілген өсу «Республикалық  тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады.

Тарифтерді өзгертудің негізгі себебі  608,6 млрд. теңге  мөлшеріндегі сомада 5 жылдық инвестициялық бағдарламаны іске асыру болды. Осылайша ҚТЖ жаңа тарифі ең алдымен өз қызметтерін үздіксіз және қауіпсіз көрсету үшін жаңа құралдарды салуға және жаңғыртуға   инвестицияларды көздейді. 5 жыл ішінде мынадай іс-шаралар іске асырылады:

жолдың үстіңгі құрылысын күрделі жөндеу;

Алматы-Шу  учаскесінде екінші жолдардың  және Астана қаласындағы  жаңа  темір жол вокзалының бірінші кезектегі құрылысы; тартымдық шағын стансаларды жаңғырту;

Стансаларды жаңғырту, разъездердің, қосымша парктің  құрылысы;

Поездар қозғалысын аралық реттеу жүйелерін салу, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және басқалар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>