ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ

ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ

 НАЗАРБАЕВ ОРАЛДА ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТОПТЫҚ СЕЛФИГЕ ТҮСТІ

Екінші сәуір күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Орал қаласына барды. Сапар аясында Елбасы «Жастар қуатты Қазақстан үшін» республикалық форумына қатысты.

Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардың 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ, Атырау және М а ң ғ ы с т ау о бл ы с т а р ы н ы ң жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы қ а т ы с у ш ы л а р д ы ф о р у м ж ұ м ы с ы н ы ң б а с т а л у ы м е н құттықтап, жастардың негізгі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып жүргеніне тоқталды.

– Қазақстан қатаң климат жағдайында жерімізді орманға айналдыру үшін күш салуда. « Жа с ы л Е л » б а ғ д а рл а ма с ы аясында 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызылды. 2 0 0 м ы ң д ы қ « Ж а с ы л Е л » командасының бұл еңбегі ерлікке пара-пар. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мың жас ауылға аттанды. Бұл жастардың елді және оның шалғай мекендерін дамытуға қатысуының көрсеткіші болып саналады. Қазақстан ж а с т а р ғ а т ү р л і с а л а л а р д а қамқорлық көрсетеді, соның ішінде оларды шетелдерде оқытады. Ре спубликада білімді еңбек тәжірибесімен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесін енгізу шаралары қабылдануда. Бүгінде белсенді әрі мақсатшыл жастар үшін елімізде барлық мүмкіндіктер бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті форумға ниеті бір, тілегі ортақ мыңдаған қазақст андық жас қатысып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты экономикалық өсімін, әлеуметтік мәселелердің шешіліп жатқанын, отбасылардың әл-ауқаты артқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі бағыттарына және өңірдегі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Қазақстан Президенті форумға көптеген белгілі спортшылар қатысып отырғанына назар аударды.

– Біздің Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен, Александр Винокуров және оларға қоса Лондон Олимпиадасында көпті тәнті еткен өзге де олимпиадашыларымыздың есімдері бүкіл әлемге танымал. Олар жаңа буын үшін лайықты үлгі болып саналады. Бүгінде спорт саласында 1500 спорт нысаны – стадиондар, бассейндер, хоккей және теннис корттары жұмыс істейді. Бүгінгі біздің форумның Қазақстан теннис федерациясының көмегімен салынған осы заманауи Теннис орталығында өтіп отыруы да бекер емес. Мұнда болашақ чемпиондар тәрбиеленеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ф о р у м б а р ы с ы н д а «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі, Қазақстан-Финляндия бизнес- хабының жетекшісі М.Манкеев, М . Ө т е м і с о в а т ы н д а ғ ы Батыс Қазақстан мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң с т уд е н т і президенттік стипендия иегері Г.Қойланова, олимпиада чемпионы И.Ильин, Атырау және Маңғыстау облыстары жастарының өкілдері сөз сөйлеп, жастарға және олардың бастамаларына ұдайы қолдау көрсететін Мемлекет басшысына алғыстарын айтты, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға әзір екендіктеріне сендірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресми іс- шаралар сарайында да болды. Елбасы мұнда Батыс Қазақстан о б л ы с ы н д а ғ ы э т н о м ә д е н и бірле стіктер, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әңгімелесті.

Б а р л ы қ э т н о с т а р д ы ң атынан сөйлеушілер Мемлекет басшысына татулық пен келісімге, кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясат үшін алғыс айтты.

О р а л д а ғ ы ж а с т а р д ы ң республикалық форумы аяқталған с о ң , П р е з и д е н т Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев жастармен селфи жасады.

Назарбаевқа селфи жасау туралы ұсыныс білдірген Илья Ильин.

« Н ұ р с ұ л т а н Ә б і ш ұ л ы , есіңізде ме, мен сізге селфи деп аталатын фото жасау туралы өтініш білдіргенмін. Енді барлық жастармен селфи жасау туралы тағы да өтініш айтқым келіп тұр», – деді Олимпиада чемпионы Илья Ильин.

Президент бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ. Ол «Қане, селфи жасайық» дегенде жастар ерекше қуанды.Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасаған жастардың ішінде Илья Ильин, Денис Тен, Серік Сәпиев, Нұрлан Қоянбаев, Сабина Алтынбекова және басқалары бар. Еске сала кетейік, Илья бұдан бұрын да елбасымен селфи жасаған болатын.

Елбасы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ында болды. Ондағы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттың дайын өнімдерін көрді.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в сондай-ақ еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынның қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар.

З а у ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы индустриялық саясаттың іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты.

Сапар барысында Мемлекет басшысы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ына барды.

З ау ы т қ а ке л г е н Е л б а с ы катерлер мен кемелердің макеттері қ о й ы л ғ а н к ө р м е н і а р а л а п көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымының м ү ш е л е р і м е н ә ң г і м е л е с т і . Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаңа сала екенін, оның шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.

Ә ң г і м е б а р ы с ы н д а з ау ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы е л д е ж ү з е г е а с ы р ы л ы п ж ат қ а н бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады.

АҚТӨБЕНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЕЛІМІЗДІҢ ІЛГЕРІЛЕУІНЕ САЙ

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласына келді.

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасын аралап көрді.Нысанда Елбасына өңірдегі денсаулық с а қ т ау с а л а с ы н ы ң д а м у ы туралы баяндалды.Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аурухананың жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і бұл аурухана жаңа ғимаратта о р н а л а с қ а н ы н , з а м а н а у и құралдармен жабдықталғанын атап өтті.

– Көп нәрсе енді сіздерге б а й л а н ы с т ы . Е г е р ө з ж ұ м ы с т а р ы ң ы з д ы с а п а л ы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта бастады, ал көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс және бақ-береке тіледі.

Ау ру ха н а қ ы зм е т ке рл е р і Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і н е республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

Елбасы Ақтөбе рельсті арқалық зауытында болды.

Қазақстан Президенті зауыттың жұмысымен танысты, сондай- ақ еңбек ұжымы мүшелерімен әңгімелесті.Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының даму қарқыны жалпы еліміздің жүйелі ілгерілеуіне сай екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы ірі әрі бірегей кәсіпорын облыс экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

– З ау ы т и н д у с т р и я л ы қ — и н н о в а ц и я л ы қ д а м у б а ғ д а р л а м а с ы н ы ң о з ы қ жобаларының бірі саналады. Ол «Сименс» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрылыс кезінде 1000 адам жұмыс істеді, енді 760 адам жұмысқа орналасады. Әр адамға шаққандағы өнімділік 80 мың долларды құрайды. Бұл – біздің еліміз үшін жоғары өнімділік. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда бұрын болмаған, оның шығаратын өнімі де жаңа. Бұрын біз рельсті сырттан сатып алатынбыз, енді ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да шығара аламыз. Сонымен қатар, мұнда құрылысқа қажетті нәрселердің бәрі өндірілетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт құрылысына атсалысқан барлық мамандарға алғыс айтып, жұмыстың тезірек басталуын және бұдан әрі де табысты болуын тіледі.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында да болды. Мұнда Мемлекет басшысына орталықтың жұмысы т а н ы с т ы р ы л д ы ж ә н е о н д а сақталатын өнім түрлері көрсетілді.

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы «CityShoppingCenter» сауда кешенінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев сауда кешенінің жаңа ғимаратын аралап көрді және өңір кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

Елбасы әңгіме барысында шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық әл-ауқатының өзегі екеніне тоқталды, сондай- ақ жиналғандарға ойға алған жоспарларын жүзеге асыруда табыс тіледі.

Аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын сауда кешенінде 100 орынға арналған зал және 200 орынға арналған мейрамхана бар.

34 comments

  1. Елбасының жастарға деген қамқорлығы ерекше екенін әрбіріміз жақсы білеміз. Әу, бастан-ақ, Президент болашақтың кілті білімді жастарда екенін атап келеді. Осындай үлкен сенімді ақтау еліміздің білімді жастарының қолында екенін айта кеткен жөн. Бізде білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, жастар шетелдерге барып өздерінің білімдері мен біліктіліктерін арттырып келуде. Мұның өзі үлкен жетістік, үлкен мүмкіндік.

  2. Осы еліміздегі бір ғана «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша талай жас мамандардың ауылдық жерлерге барып орналасқанын білеміз. Бұл бір жағынан ауыл жаңдайын жақсартуға, бір жағынан жас маманның үлкен маман болып қалыптасуына көмек береді.

  3. Жасыратыны жоқ. Студент кезімде университет қабырғасында жүріп, «Жасыл ел» жастар жасағында болып еңбек еткенім бар. Жаман болған жоқпын. Бұл жоба мені еңбекқорлыққа үйретті. Одан жаман болған жоқпын.

  4. Елбасы бұқаралық спорт түрін де дамытуға қажырлы еңбек етіп келеді. Осының арқасында жер-жерлерде спортқа қызығушылардың саны артып, олар үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылуда. Қазақстанның атағын спортшылар өздерінің жеңістерімен шығарып келеді. Мен спортшыларымыз жанкүйерімін.

  5. Елімізде қыруар жұмыстардың атқарылып жатқанын әрбір халық жақсы біледі әрі оны бағалайды. Расымен өткен 90-шы жылдардың басында құлдырап бара жатқан елдің еңсесін көтеруге Елбасы өзінің қажырлы еңбегін арнады. Бүгінде, шүкір жас мемлекет болсақ та мақтанышпен айта алатын жетістіктеріміз де бар. Алдағы уақытта үлкен жоспарлар мен жұмыстар жасалатынына мен кәміл сенемін.

  6. Оралдағы форум өте жоғары деңгейде өтіпті. Президент Қазақстан жастарын тағы да бір рет жігерлендіріп тастады.

  7. Біздің жастар болашағынан үлкен үміт күттіреді. Сол үшін оларға мемлекет білім беріп, барлық жағдайды жасауда. Оны жастарымыз өз уақытында ескеріп, еліміздің дамуына үлкен жаңашылдықтар әскелсе еңбектің қайтқаны деп бағалар едім.

  8. Өңірлердің индустрияландыру жобасының қарқынды, нәтижелі екенін көрдік! Көптеген жұмыссыз халықтың жұмысқа орналасып, тұрмыс тіршіліктің жақсаруы байқалады!

  9. Біздің мемлекетте оның ең басты құндылығы адамзат. Елбасымыз қашан да әлеуметтік сала мен халықтың денсаулығын сақтау үшін көптеген қаржы бөліп келеді. Ауылдағы тозығы жеткен мектептер мен емханалардың орнына үлкен жаңа заман талаптарына сай ғимараттар бой көтерді. Біз бұл жетістікті бағалағанымыз жөн.

  10. Мен Елбасының жастарымызға тиісті қолдау көрсетіп отырғанына дән ризамын. Алда бірлесіп атқарар шаруалардың көп екенін білемін. Соған жету үшін мен секілді әрбір замандасымыз қажырлы еңбектеніп, елдің дамуына жаңа қадамдар жасаса жақсы болар еді.

  11. Ақтөбе халық саны жағынан да алдыңғы қатарда келе жатқан қала әрі бұл өңірдегі экономикалық ақуал өте жақсы қалыптасқан деуге болады, алға ақтөбеліктер, алға Елбасымен бірге!!!

  12. Елбасымыз кемеңгер адам ғой, шіркін!

  13. Бастыстың жастары белсенді. Жарайсыңдар. Елбасымызға қолдау танытып, дауыс беретіндеріңе сүйсіндім.

  14. Жамал Аханқызы

    Назарбаевтың Нұрлы жолына қаныққан жастар, көреген көшбасшының сайлауда жеңіске жеткенін қалайды. Оралыңның барында даусыңды бер, Елбасымыз жеңіске жетсін десең…

  15. Нұрсұлтан мырзаның Орал қаласындағы іс-сапары өте жақсы, қызықты өтіпті. Елбасымыз селфи жасағаны, жастарды қашанда қолдайтынын, қамқор болатынын білдіреді.

  16. Еліміздің батыс өңірінің жұртшылығы да Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтын түрлі шаралар өткізіп, таңдау жасағандықтарын айтып келеді. Ел мен емен -жарқын жүздескен елбасымыз осыны ұққан шығар.

  17. Назарбаевтай көреген көшбасшы, мықты саясаткер жоқ. Осы сайлауда жеңіске жететін болады. Алға Қазақстан!

  18. Спортшыларымыздың Елбасымызды қолдап, демеу болып, үгіт-насихат жүргізіп Оралға барғаны жақсы болыпты. Осылай патшамызды қолдап, амандықта өмір сүре берейік. Назарбаев жасасын!

  19. Президенттің Батыс Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында, Оралдағы бір қатар әлеуметтік нысандарда болып, елдің тұрмыс-тіршілігімен танысқаны өте тамаша. Елбасымен тілдескен ел сайлауда назарбаевты қолдап дауыс беретіндерін жеткізді. Мұның барлығы Назарбаевтың адал, әрі білікті мемлекет басшысы екенен білдіреді.

  20. Жастар елдің ертеңі, осы сапарда Елбасымыздың Ақтөбедегі селфиі барша жастарды бір желпіндіріп тастады.

  21. Елдің дамуы жақсы, барлық сала да жетістіктер бар, Аллаға мың шүкір, ертеңіміз бұданда жарық боларына сенімдімін.

  22. Аз ғана уақытта осындай жетістік жаратып үлгердік, болашағымыз бұл күнненде жарық боларына менде сенімдімін.

  23. Жан- жақтылы дамудың арқасында бүгінде әлем мойндап, көптеген елдердің достық ықыласына бөленіп елдің мерейі артып келеді.

  24. Берекенің ақ туын биік көтеріп, әрбір азамат осы елге өзінің азғана болсада ұлесін қосқысы келсе сайлауға атсалысуы керек.

  25. Еліміздің күш-қуаты күн санап артып келеді. Экономикасы дамып, халықтардың өмір сүру ұзақтығы да өсуде. Бұл дегеніміз барлық мәселелердің уақытылы шешілгендігінің салдары. Әлі алда орындалатын үлкен мақсаттар бар. Соны Елбасымен бірлесіп жасағанымыз жөн. Мен соған сенемін.

  26. Қаншама бағдарламалар жасалды, барлығы өз нәтижесін көрсетті, ал ендігі бағдарламаларда елдің ертеңінен үміт күттірері сөзсіз.

  27. Елбасы үнемі жастарды қолдап келеді. Жастар — еліміздің болашағы.

  28. Қазақстан жастары сайлаудың маңыздылығын түсінеді. Жастардың жанарынан соны байқағандаймын!

  29. Еліміздің қай облысына қарасақ та халқы Елбасымызды құрметтеп, қолдау танытуда. Менде Назарбаев Президент бола екен деп тілеймін!

  30. Назарбаев Ильяны ерекше құрметтеп, жақсы көреді. Чемпионның ұсынысына келіскен мемлекет басшысы селфиге түсіп, қаншама жастардың бізде осылай президентпен түссек суретке деп армандайтын мақсат берді.

  31. Елбасымызды ерекше құрметтеймін. Оның әр бір жолдауын, бағдарламасын басылымдардан үзбей оқып танысамын. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанды Назарбаевсыз елестете алмаймын. Жарайсыз менің Президентім!

  32. Кеше қандай ел едік, бүгін кімбіз, аз уақытта әлемге танылып, біраз елдерге өзімізді үлгі етіп үлгердік.

  33. Сайлау еліміздің ертеңі, сондықтан осы жеткен жетістіктеріміз еселене түссін, еліміз дамысын деген адам сайлауға қатысып өз дауысын беретін болады.

  34. Рустем Досымкулов

    Ардақты ағайын!
    Жүздеген жылдар мен сынақтардан елімізге деген махаббатымызды өшірмедік, елімізді қалыптастырдық, тәуелсіздікке ие болдық. Барлығымыз бірігіп егемен мемлекет құрдық. Ендігі мақсатымыз – өткен жетістіктерімізді сақтай отырып, жаңа биіктерге жете отырып, болашақ ұрпақтарымызға бай және егемен елімізді аманат ету.
    Біздің тәуелсіздігімізге әлі екі онжылдық қана болды. Өз жеріңде өмір сүру және жұмыс істеу, өз тағдырыңды өзің анықтаудан артық нәрсенің жоқтығын миллиондаған қазақтардың түсінуіне осы қысқа тарихи уақыттың өзі жеткілікті болды.
    Қазақтарды тізе бүккізіп, бағындыруды, өз жерінен, атынан айыруды көздегендер аз болған жоқ. Бірақ оларға әрқашан жол бермей тұрған күш – ерлікке, атамекенге деген сезімге және бостандық жолында құрбандыққа толы қазақтық мінез жатты.
    Отанымыздың тәуелсіздігі жарияланған күннен бері жиырма жыл өтті. Бүгін, тәуелсіздігіміздің бағасыздығына көзіміз жете отырып, халықаралық тоғыста орналасқан Қазақстан Республикасының әлемдегі елдермен қарым-қатынастарының дамуын бақылап отырмыз.
    Сүйікті отанымыз Қазақстан – бүгін халықаралық қоғамдастықтың белсенді, танымал, құрметті мүшесі. Бұл жоғары мәртебе ұлтына лайықты әр ұлынан, сонымен қоса әр деңгейдегі депутаттар мен әкімдерден, үкімет мүшелерінен Отанның бүгіні мен ертеңі үшін, сүйікті Қазақстанымыздың дамуы үшін, сонымен қатар әлемдік аренада оның үнінің қатты шығуы үшін үнемі күш жұмсауды талап етеді. Отан үшін жауапты болуға әрқайсымыз адал еңбектеніп, жемісті күш жұмсап, үлкен жауапкершілік пен мықты ерікке, ұлттық намысқа, жоғары білімділікке, таза ниетке ие болуымыз қажет.
    Әр жыл сайын республика өндіргенінің 80 пайызын экспорттайды, өйткені бәрі шикізат. Барлық табылған табыс, меніңше, олигархтардың қалтасына, шетелге кетпеуі тиіс, ол халыққа еңбекақы, әлеуметтік игілік, отандық экономикаға инвестиция ретінде қайтуы керек. Әрқашан осылай болуға тиіс. Осындай экономика құру біздің мақсатымыз.
    Бүгінгі жағдайлардағы Қазақстанда біз одан әрі халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге, мектептер мен балабақшалар жетіспеушілігін және азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге, ауылдарды газификациялауға, индустриалды-инновациялық саясатты іске асыруға, қарапайым азаматтарды әлеуметтік қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттіміз. Сонымен қоса, коммуникациялық тәуелсіздік және сауда қорғанысына, азық түлік қауіпсіздігіне және экономикалық өсімді өндіруші сала арқылы қамтамасыз етуге, халыққа стратегиялық кәсіпорындарды және пайдалы қазбалар орнын қайтаруға, заң шығарушы органдардың ролін күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жақындауымыз керек. Уақыт талабы осындай.
    Жоғары мақсаттарға жету мен үлкен жемісті жоспарларды іске асыру оңай іс емес. Ол бір-екі жылда орындалмайды. Бірақ әрқайсымыздың, ұлттың ұлдары – Парламенттің, Мәслихаттың депутаттарының, әкімдердің, үкімет мүшелерінің, ұйымдастырушылардың, барлық деңгейдегі мамандар мен жауапты жұмысшылардың, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің мақсаты адал еңбекті қажет етеді.
    Алдымызда шешімін талап ететін мақсаттар тұр. Мысалы Қаржы саласындағы мәселелер осы:
    • Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
    • Несиелік қорларды көбірек тарту және осы негізде шағын және орта кәсіпкерлікке, әсіресе өндірістік кәсіпорынға салынатын жалпы несие көлемін үлкейту;
    • Несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және оның қызметін халықтың бос қаражаттарын тарту арқылы, банк қызметтері сапасын жақсарту арқылы, олардың орындалу тәртібі арқылы кеңейту.
    • Отандық өндіруші кәсіпкерлікке берілетін ұзақ мерзімді несиелерге клиенттерді тарту арқылы несие жүйесін нығайту.
    Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен Ұлттық банк және коммерциялық банктер осы бағыттағы несиелердің көлемі мен санын көбейтуге, несиелік қорларға көбірек клиент тартуға керекті шаралар қолдануға тиіс.
    Осыған байланысты, елде банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың санын көбейту үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін барлық сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, олардың қызметін жақсартуға жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар, алыстағы аудандарға микронесиелеуді көбейтуге қосымша шаралар қолдану қажет.
    Құрметті отандастарым!
    Осы ұлы жетістік пен бағасыз ұлттық игілігіміздің қасиетті, мінсіз, және әрқашан тұрақты тәуелсіздігін сақтау — мемлекеттің мақсаты және Қазақстанның әр саналы және адал азаматының миссиясы. Тәуелсіздік пен егемен мемлекетті, әлемді нығайтуды, тұрақытлық пен ұлттық бірлікті, жоғары отаншылдық сезімді, рухани қырағылықты, ұлттық намысты, ұлттық құндылқтар мен мемлекеттік нышандарды қорғау – нағыз азаматтық қоғам құруға, мықты экономикалық және әлеуметтік дамуға, стратегиялық жоспарлар мен мақсаттардың іске асуына бізді толықтай бағыттайды.
    Тәуелсіздік пен оның жетістіктерін нығайту бізді халықтың тарихи санасын, этикалық және мәдени құндылықтарын қалпына келтіру мен тілдің, әдебиеттің, ғылымның, мәдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді.
    Ұлттық сананың қалыптасу үрдісін күшейтудегі, өркениетті азаматтық қоғам негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңінде ең қуатты жемісті құрал – қазақ халқының ұлы бабаларының мұрасына назар салу.
    Тәуелсіздік жылдарында тамаша тіл болып саналатын мемлекеттік тіліміздің қалпына келуі және дамуы үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек еді. Өйткені бұл бабалардан қалған аманат және біздің ұлтымыздың ең басты құндылығымыз. Бұл біздің тарихи міндетіміз.
    Бір кездері мемлекеттік және саяси тіл болмаған қазақ тіліміздің үні қазір БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың ең жоғары мінберлерінен шығып тұруға, ақ көгершін сияқты бейбітшілік пен достық құсы ретінде әлемдік кеңістікте шарықтауға тиіс.
    Сондықтан, ежелгі, бай, дана және ақындық тілге деген мемлекеттік және бүкілхалықтық қамқорлық – әрқайсымыз үшін асыл парыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>