«Ақтөбеден» айласын асыра алмады

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының үшінші туры аясында еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары «Ақтөбе» футбол клубын қабылдаған «Тараз» командасы қарсыластарына есе жіберіп алды.
Алғашқы екі турда жеңіске жете алмаған «Ақтөбе» бар ашуын «Тараздан» қайтарды. Ойынның 32-минутында ел чемпионатына оралған Сергей Хижниченко Александр Григоренко қорғаған қақпадан саңылау тапты. Эдуард Сергиенко бастаған жерлестеріміз ойынның қалған бөлігінде бірнеше өткір шабуыл жасағанымен таразы басын теңестіре алған жоқ. Үш турдан кейін жалқы ұпайды иеленген жерлестеріміз көш соңындағы командалардың қатарында тұр.
Үшінші турда «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңген «Астана» жеке дара топ бастады. Алматы­ның «Қайраты» екінші орынға орна­ласса, Шымкенттің «Ордабасы» командасы үздік үштікті түйіндеп тұр әзірге. Енді «Тараз» футболшылары үшін қамшы басар кез келді…

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>