Ақтарсам көкіректен шыншыл жырды,
Қазағым татулықпен тіл сындырды.
Дағдарыстың дауылы біз түгілі,
Талай алып елдерді күрсіндірді.
Елбасы көшті бастап келе жатыр,
Күні бұрын бағдарлап тылсым күнді.
Алты Алашқа керегі – ел бірлігі,
Бейбіт күн көгімізде күлсін нұрлы.
Сондықтан өзіңізге тапсырмақшы,
Қалың ел екі тізгін, бір шылбырды.
Мына жол – бабалардан жалғасқан із,
Жатпайды қын түбінде алмас нағыз.
Қашанда жаныңызға тірек болған,
Қолдаңыз, ұлтыңызды қорғаштаңыз.
Қаншама асулардан адастырмай,
Аман-сау алып өткен марқасқамыз.
Тағдырын жұртым сізге тапсырып тұр,
Тәуекел, тағы да бір жол бастаңыз!
Бекарыс Шойбеков,
айтыскер ақын,
съезд делегаты.