«Тараз» бен «Атырау» тең түсті

Тараздықтарды алға сүйрей алмаған Арно Пайперс
қызметінен кетті

Футбол маусымы басталғалы бері шәкірттері жарытып гол соға алмаған голландиялық маман Арно Пайперс ақыры қызметінен кетті. Бірге келген көмекшілері де. Ал, сенбі күнгі ойынға команданы бұған дейін бас бапкердің көмекшісі болып келген Нұрмат Мырзабаев бастап шықты.
Клубта осындай ауыс-түйістің болуы заңдылық. Арно Пайперс «Таразға» өткен жылдың маусым айының ортасында бас бапкер болып тағайындалған болатын. Бір жылға жуық қызмет атқарса да, футболшыларға серпін берген жоқ. Бір өзгерісті жаңа маусымда күткенбіз. Бірақ, ол үмітіміз ақталмады. Тараздықтарды алға сүйрейді деген Арно тағы да еш нәрсе тындырмады.
Арноның арыны осыған ғана жеткен соң, клуб басшыларына келісімшартты бұзуларына тура келді. Әзірге, командаға жергілікті футбол мектебінің түлегі Нұрмат Мырзабаев жетекшілік етпек. Оған кезінде осы клубта ойнаған Нүркен Мазбаев және Азамат Ниязымбетов көмектесетін болады. Команданың аяқалысы жақсарып жатса, бапкерлік міндет «Тараздың» төл баласына тапсырылуы мүмкін.
Алғашқы 30 минутта атыраулықтар есеп ашты, бұл соққыға тараздықтар сапынан Тимур Досмағанбетов қарсы жауап қатты. Екінші таймда африкалық легионері Нсереко өз командасын алға шығарған еді, іле артынша жамбылдық Мұрат Тілешов қарымта қайтарды. Үшінші жолы қазір «Таразда» өнер көрсетіп жүрген «Атыраудың» экс-ойыншысы Йован Голичтің соққысы қарсылас қақпасына дарыды, есеп – 3:3.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>