Украинадағы  жағдай әрбірімізге  сабақ болуы тиіс

Украинадағы жағдай әрбірімізге сабақ болуы тиіс

18-520x245Қазақстан әлемнің жаһандық және аймақтық деңгейдегі жаңа қатерлеріне бетпе-бет шығуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз де ашық елдердің біріміз, біз де қақпақ астында өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бізді барша елдермен мыңдаған экономикалық, саяси және жай ғана адамдық байланыстар біріктіреді.”Барлық әлемде тек ашық елдер даму жолынан тайған жоқ. Шаруашылықпен айналысқан жабық елдер тұғырынан тайды. Сондықтан Қазақстан дұрыс жолды таңдады. Еліміз әлемнің жаһандық және аймақтық деңгейдегі жаңа қатерлеріне бетпе-бет шығуға тиіс”, – деді Президент. Елбасының атап өткеніндей, бейбітшілік пен келісімді нығайту біздің елдің 2050 жылға арналған басты стратегиялық бағдарламасының негізгі тұтқасы.”Жаһанда болып жатқан кейінгі оқиғалар алдымыздағы жүз жылдықтың қаншалықты қиын болатындығын көрсетіп отыр. Украинадан келген ақпараттар бізге ауыр тиюде. Ол біздің ТМД-дағы басты әріптестеріміздің бірі. Бізді онжылдықтарға созылған экономикалық байланыстар ғана емес, ортақ тарих байланыстырып отыр”, – деді Назарбаев. Елбасының пікірінше, Қазақстан бір ғасыр бұрын күштеп жер аударылған және Ұлы Отан соғысы жылдарында көшірілген жүз мыңдаған украиндықтардың екінші үйіне айналды. Олар қазақ жерінде өндірістерді ашуға және тыңайған жерлерді игеруге атсалысты. Тың және тыңайған жерлерді игеруге биыл 60 жыл толады. Бүгінде қазақстандықтардың 300 мыңнан астамы украиндықтар болып табылады. Украин жері – соғыс жылдарында фашизмге қарсы күресте қазақ жауынгерлерінің табаны тиіп, қаза болған қасиетті жер. “Мыңдаған қазақ жастары Украинада білім алған. Солардың бірі мен екенін сіздер білесіздер. Ол жерде мен металлургия ісін меңгердім. Біз, қазақстандықтар украин қауымының бірлігі мен тұрақтылығының қайта орнауына тілектестік білдіреміз. Украина ішкі мәселелерін ешкімнің сырттан араласуынсыз бейбіт жолмен өздері шешулері қажет деп есептейміз”, – деді Президент. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Украинадағы жағдайға қарап, ой қорытуға шақырды. Президенттің айтуынша, Украинада болып жатқан оқиғалар әрбірімізге сабақ болуы тиіс.Экономикалық даму, тұрақты өмір тек бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана болатын құндылықтар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>