Халық пен Елбасы  алдында ант берді

Халық пен Елбасы алдында ант берді

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының
ХХІ сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер өз міндетін атқаруға кіріскен соң, Елбасына ант береді.

17 сәуірде Ақорда төрінде Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Б. Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ. Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә. Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері қатарында біздің облысымыздың әкімі Кәрім Көкірекбаев та халық пен Елбасы алдында адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
– Сіздердің орындарыңызда басқа адамдар, басқа азаматтар болуы мүмкін. Бірақ осы қызметке келгеннен кейін оны абыроймен орындау керек. Сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Президент.

«Ақ жол – ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>