БАС  ИМАМ  ШАПАҒАТҚА БӨЛЕНДІ

БАС ИМАМ ШАПАҒАТҚА БӨЛЕНДІ

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевқа Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша берілген «Шапағат» медалін салтанатты түрде табыс етті.

– Елбасы тарапынан қоғамға жасаған еңбегіңіздің бағалануы – халық тарапынан да бағалануы деп білеміз. Осы қуанышты бөлісе отырып, бас имам Данияр Жұмабаевты бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыңыздың берекелі, еңбегіңіздің табысты және әрдайым биік белестерден көрінуіңізді тілейміз, — деді Б. Орынбеков.
Дін саласында қызмет етіп келе жатқан өкіл имам Данияр қажы осы уақытқа дейін бірнеше марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталған. Ол қоғамда өз орны бар белсенді дін қызметкері, сонымен бірге абыройлы азамат.

«Ақ жол-Ақпарат».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>