RSS

Ауа райы: 24-25 қарашада елдің оңтүстігінде күн күрт суытады

24-25 қарашада Қазақстанда күн суық болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Елдің оңтүстігінде ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынды болуына байланысты төтенше ескерту жарияланды. 

«24 қарашада Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашынды (қарға ұласатын жаңбыр), солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ауысатын жел тұрады — 15-20, желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 10-15, солтүстік облыстарда 18-23, Қызылорда облысында 10-15, кей жерлерде 20-25 аязды көрсетеді», — деді метеорологтар.

Олардың мәліметінше, 24-25 қарашада Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 28 градус аяз болады, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облыстарында — 12-17-ге дейін, кей жерлерде 22 градус аязға жетеді, Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 18 градус аяз болады.

Алматыда 24-25 қарашада күшті қар көшкіні болжанып отыр. ТЖД мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада түнде 10-12 градусқа дейін суытады. «21 қарашада түнде Астанада қар жауады, боран, жел күші оңтүстік батыстан және батыстан секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 24 қарашада түнде және күндіз сынап бағанасы 26-28 градус аязды көрсетеді», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 25 қарашада түнде ауа температурасы 30 градус аязға жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, метереологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. Ал нағыз тұрақты қалың қар жамылғысы бар дәстүрлі қыс айдың үшінші онкүндігінде келетіні айтылды. Метеорологтар желтоқсанды аумалы-төкпелі болатынын — қоңыр салқын суық — шығыс бөлікте, ал жылы ауа елдің батыс бөлігінде болатынын айтты.

Ақпарат көзі tengrinews.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

WordPress 4 шаблоны