RSS

Соқыр жүргізуші жылдамдықтың әлемдік рекордын орнатты — ВИДЕО

Британиялық автошабандоз Майк Ньюман Nissan GT-R көлігімен жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол жылдамдығын сағатына 328 шақырымға дейін арттырды. Мұндай жетістікке соншалықты есте қалмас еді: егер Майк Ньюман соқыр болмағанда. Рекорд Солтүстік Йоркшир британдық графтығында Йорк қаласынан жақын жерде ұшып-қону жолында орнатылды. Шабандоз автокөлікті рация арқылы әкесінің айтып отыруымен басқарды.

«Бұл таңғалдыратын оқиға! Мен осы рекордты бірнеше жылдан бері орнатқым келген, енді, міне, қолымнан келді», — деп бөлісті Ньюман.  Бұл британдықтың бірінші жетістігі емес екенін айтып кету керек. Өзінің бірінші рекордын ол 2008 жылы орнатқан. Онда Jaguar XKR көлігімен сағатына 232,8 шақырымға дейін жылдамдықты арттырды. Үш жылдан кейін BMW M5-пен  сағатына 286,4 шақырым дейін, өткен жылы Porsche 911 GT2-мен 299,3 шақырымға дейін жеткізді. Енді, міне, жаңа жеңіс. Автоспортқа келгенше британдық коммерциялық банкте мансабын жасады. Автоспортқа ол мүмкіндігі шектелген адамдардың қызығушылығын арттыру мақсатымен келген.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

WordPress 4 шаблоны