RSS

Геннадий Головкин Марк Антонио Рубиомен жұдырықтасуы мүмкін

Батыстық басылымдар кәсіпқой бокс аренасында ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз Геннадий Головкин келесі кездесуін 18 қазан күні мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізуі мүмкін екендігін жазуда. Бұл туралы massaget.kz сайты хабарлайды.

Мексикалық боксшы қазіргі таңда орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің уақытша иегері саналады. Соңғы кездесуін сәуір айында итальян Доменико Спадаға қарсы өткізіп, мезгілінен бұрын жеңіске жеткен. 34 жастағы боксшы 2000 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Осы аралықта 62 жекпе-жек өткізіп, 55-інде жеңіске жеткен. 6 кездесуінде жеңіліс тапса, 1 жұдырықтасуын тең аяқтаған. Ал 55 жеңісінің 48-інде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Негізінен Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 2010 жылдан бері айтылып келеді. Осы жолы қос қарсылас рингте кездесуі мүмкін. Мұны мексикалық боксшының twitter-дегі жеке парақшасындағы жазбасынан да аңғаруға болады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

WordPress 4 шаблоны