Елбасы Н. Назарбаев В. Путинмен Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды талқылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті
Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды, соның ішінде әлемдік қоғамдастықтың қақтығыс аймағындағы ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету шараларын талқылауды жалғастырды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz