RSS

Алапат өрт ауыздықталды

Меркі ауданындағы мемлекеттік орман қоры аумағына жататын Талдыбұлақ, Сандық шатқалдарында орын алған өрт үш тәулікте дегенде әзер сөндірілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметімен бірге ІІД, 11971 әскери бөлімі, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандық әкімдіктерінің, аудандық орман қорғау шаруашылығы, «Жасыл Меркі» ЖШС және аудандық қорғаныс бөлімі қызметкерлерінен құралған 927 адам, 137 дана көлік, 2 тікұшақ жұмылдырылған. 12 тамызда шыққан қызыл жалын 14 тамыз кешкі сағат 18.15-те толық өшірілді. Желдің күшеюі де кері әсерін тигізді. Төтенше жағдай кезінде Талдыбұлақ шатқалында 32 жастағы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімдігінің қызметкері белгісіз себептермен қайтыс болған.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

WordPress 4 шаблоны