Президент қорғаныс және ішкі істер министрлерінің орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс және ішкі істер министрлерінің орынбасарларын тағайындады.
Ақорда сайтында хабарланғандай, Президент Өкімдерімен:
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;
Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
ҚР Үкіметі құрылымында реформа жүргізілгенге дейін В.Божко төтенше жағдайлар министрі, ал Н.Сауранбаев — индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болған еді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz