Бәссаудада Гагариннің ғарыш кемесінің фрагменті сатылады
Сауда барысында Юрий Гагарин ғарышқа бірінші рет ұшқан «Восток» ғарыш кемесінің фрагменті сатылады. «Востоктың» тежегіш қондырғысының фрагментінде бірінші ғарышкердің қолы бар.
Сауда «Луна-2» ғарыш аппаратының Айға қонғанына 65 жыл толуына орайластырылып «Ғарыш жәдігерлері» онлайн-бәссаудасында 2014 жылдың 13 қыркүйегінде өтеді. Сонымен бірге, тілек білдіргендерге Гагарин ішкен коньяктың бөтелкесі мен ғарышкерлердің жабдықтау элементтерін алу мүмкіндіктері бар.