Британиялық автошабандоз Майк Ньюман Nissan GT-R көлігімен жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол жылдамдығын сағатына 328 шақырымға дейін арттырды. Мұндай жетістікке соншалықты есте қалмас еді: егер Майк Ньюман соқыр болмағанда. Рекорд Солтүстік Йоркшир британдық графтығында Йорк қаласынан жақын жерде ұшып-қону жолында орнатылды. Шабандоз автокөлікті рация арқылы әкесінің айтып отыруымен басқарды. «Бұл таңғалдыратын оқиға! Мен осы рекордты…
Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен. Таратылған ақпаратқа қарағанда, кеңесте Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан ары дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасына тасымалданатын ұшақтарға (LOPA сертификаты бойынша сыйымдылығы…
Батыстық басылымдар кәсіпқой бокс аренасында ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз Геннадий Головкин келесі кездесуін 18 қазан күні мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізуі мүмкін екендігін жазуда. Бұл туралы massaget.kz сайты хабарлайды. Мексикалық боксшы қазіргі таңда орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің уақытша иегері саналады. Соңғы кездесуін сәуір айында итальян Доменико Спадаға қарсы өткізіп, мезгілінен…
Қазақстандық таэквандошылар Нұрсұлтан Мамаев пен Смайыл Дүйсебай Колумбия астанасындағы турнирдің жеңімпаздары атанды, деп хабарлады ҚР таэквандо федерациясының баспасөз қызметі. «Отандық таэквандошылар Нұрсұлтан Мамаев (58 келі) пен Смайыл Дүйсебай (87 келі) Боготеда өткен «Open de Las Américas» халықаралық турнирінің G-1 сериясының жеңімпаздары атанды. Ақтық сында Мамаев мексикалық Дамиан Вильюді ұтты, ал Дүйсебай эквадорлық Жезуса Паррадан мықты…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Мемлекет басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды, соның ішінде әлемдік қоғамдастықтың қақтығыс аймағындағы ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету шараларын талқылауды жалғастырды. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz…
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Ш. Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған. «Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы…
М. Мақатаев атындағы тірек мектебінде «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа аудан мешіттерінің имамдары, ауыл жастары қатысты. Дінге байланысты ауқымды тақырыптар талқыланды. Жастарға дұрыс жол сілтеп, уағыз айтылды.…
Бостандық ауылдық округінің Талапты елді мекені тұрғындары бұрындары іске қосылып, пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің істен шығуынан судан тапшылық көріп келді. «Талас-су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның су жүйелерін қайта жөндеуден өткізуінің нәтижесінде ауыл ауыз суға қол жеткізді.…
Дін мәселелері бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ Бірлік, Кеңес, Қылышбай ауылдарында тұрғындармен кездесті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған аталмыш топ аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, аудандық мешіт, ардагерлер мен жастар және ауыл әкімдерінен құралған. Кездесулер барысында халықтың діни сауатын арттыру бойынша баяндамалар жасалып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.…